Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әбдікәрімова: Өзім туралы түрлі өсек естіп, соңында өзім сеніп қала жаздадым

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова өзі туралы түрлі қауесеттер таратып жүргендерге жазба арнады. Қайрат Нұртастың жары ел арасында есіп жүрген өсектерге өзі де сеніп қала жаздағанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне қатысты айтылып жатқан қауесеттерден мезі болған көрінеді. Өнер иесі желіде азулы жазба жариялап, тарап жатқан әңгімелерге қатысты ойын айтты.

"Сөзі бардың аузында сөз қалады, ісі бардың қолында нәтиже болады. Өзім туралы түрлі өсек естіп соңында өзім сеніп қала жаздадым. Жұмысқа кірісейін", - деп жазды тележүргізуші.

Сонымен қатар, Қайрат Нұртастың келіншегі Instagram парақшасында жаңа видеосын да жүктеп үлгерген. Бейнежазбада ол қалың көпшілікке аса әдемі образын паш еткен.

Желі қолданушылары Әбдікәрімоваға бірден қолдау білдіріп, сөз тасып жүрген адамдарға мән бермеуін сұрады. Оған қоса, оқырмандар актрисаның ерекше образына да мән берген. Олар Жұлдызға тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген.

"Өсекке іліндім деген есепке іліндім деген екен. Демек, есепте жүрсіз. Жақсы ғой", "Артыңыздан айтылған сөзді артыңызбен қабылдаңыз", "Ақылына көркі сай қазақтың сұлу қызы. Сені тапқан анаң ақылды, байсалды әйел екені көрініп тұр ғой", "Артыңыздан сөз ерсе, демек сізді кзре алмай жүргендер бар деген сөз. Мән бермеңіз. Тек қана алға, сіз дұрыс жолдасыз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1929011-abdikarimova-ozim-turaly-turli-osek-estip-sonynda-ozim-senip-qala-zazdadym/

pixel