Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұғысты болсын": Актриса Айнұр Ілиясова үшінші сәбиін күтіп жүр (фото)

Опубликовано:

Айнұр Ильясова
Фото: Instagram/ainur_ilyasova

Отандық танымал актриса Айнұр Ілиясованың отбасы тағы бір сәбимен толықпақ. Өнер иесі үшінші перзентіне аяғы ауыр екенін ресми түрде растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықпен жұлдызды ананың өзі Instagram парақшасында бөліскен. Аяғы ауыр жұлдыз желіде жаңа фотосын да ел назарына ұсынған. Онда актрисаның іші шығып қалғанын байқауға болады.

"Бәрі менің белім қайда жоқ болып кеткенін біле алмай әлек болды. Оның құпиясы осы. Жолдасыма рахмет. Сіздерге де жұғысты болсын, сол үшін әумин деп қойыңыздар", - деп жазды Айнұр Ілиясова.

Желі қолданушылары бірден өнер иесін жарыса құттықтап, оған өз ақ тілектерін білдірді.

"Құттықтаймыз. Аман-есен босанып, балапандарыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Недеген керемет жаңалық. Сіз үшін аса қуаныштымын", "Жарайсыз Айнұр, батыр ана болуды нәсіп етсін", "Керемет, құттықтаймын. Ұлды болыңыздар", "Қос қызыңыздың артынан ұл ерсін", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұл Ілиясованың үшінші перзенті болмақ. Жолдасы екеуі бүгінде екі қыз баланы тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1929192-zugysty-bolsyn-aktrisa-ainur-iliyasova-usinsi-sabiin-kutip-zur-foto/

pixel