Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есте сақта": Ғаділбек Жанай өзге жігіт алып қашқан сүйіктісі туралы айтты

Опубликовано:

Ғаділбек Жанай
Ғаділбек Жанай. Кадр: YouTube / Kuanysh Shonbai

Танымал әнші Ғаділбек Жанай бұдан бірнеше жыл бұрын көптің сүйікті әніне айналған "Есте сақта" туындысының қалай өмірге келгенін айтып берді. Бұл туралы өнер иесі "Кәсіптегі нәсібің" бағдарламасында баяндады.

Ғаділбек Жанайдың бір кездері ел аузында жүрген "Есте сақта" әні оның өзге жігіт алып қашып кеткен сүйіктісіне арналған.

"Бұл рас. Сол қызға өзім ризамын. Өте жақсы, тәрбиелі қыз. Ол қызбен араласып жүрген кезде маған бір гректің әнін алып келген. Мына кісінің дауысы сізге ұқсайды, деп. Дауысы расымен маған ұқсайды екен. Ол кезде басқа бір елдің әнін айту деген болмаған. Ол ән бірнеше ай телефонымда жүрді.

Бір күні сол қызымды алып қашып кетеді. Ұйқымнан тұрсам, маған қанша адам хабарласыпты. Жақындарым ол қызды алып қашып кеткенін айтып жатыр. Содан өзім де хабарлассам, маған "мені алып қашып бара жатыр" деп жазып жіберіпті.

Оның бір себептері бар. Түсініспей қалған кездеріміз болған. Мүмкін менен болашағын көрмеген шығар. Бірақ жақсы көріп тұрған кезде оны ойламайсың ғой. Жүрек билеп тұр ғой басында. Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді деген рас екен. Осы күймен жүріп, әнді пойызда Ринатқа тыңдаттым. Ол екінші қабатқа шығып, он-он бес минутта сөзін жазып берді", - дейді ол.

Айтуынша, ол ақын Ринат Зайытовтан әннің сөзін есте қалатындай етіп жазуын сұраған. Осылайша, "Есте сақта" әні дүниеге келген екен. Сәтін салып, әннің өзі де жазылып, аз уақыттың ішінде ол хитке айналған. Телефоннан телефонға ИК-port арқылы таралып, көптің жүрегінен орын алды, деп есіне алды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1929218-este-saqta-gadilbek-zanai-ozge-zigit-alyp-qasqan-suiiktisi-turaly-aitty/

pixel