Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова: Ашық жүргеннен жабық жүрген жақсы емес пе

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мөлдір Әуелбекова орамалын әлі де сөз етіп жүргендер бар екеніне шүйлікті. Өнер иесі өзін жабық киінгені үшін сынға алғандарға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында орамал тақырыбына қайта тоқталды. Ол желіде өзінің киіну үлгісі әлі талқыланып жатқанына қынжылды.

Әнші ашық-шашық жүргеннен гөрі, жабық киінген жақсы екенін алға тартты.

"Әдемі пост салып әңгіме жазайын десем ойыма нақты бір тақырып келмейді. Қандай мәселені талқылағанымызды қалайсыздар? Әйтеуір білетінім орамалымды көп талқылайтындар тым басымырақ. Неге олай екенін білмеймін? Кейбір қыз-келіншектер сияқты тым ашық жүргеннен жабық жүрген жақсы емес пе? Әлде қалай", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары бұл мәселеге байланысты екі түрлі пікір айтты. Бірі эстрада жұлдызын қолдап жатса, енді бірі тұмшалану қазақ тарихында болмаған деген пікір ұстануда.

"Қазақтың қызы орамалмен тұмшаланбаған. Ұзын киімге сөзім жоқ. Ал мойынға дейін орану тарихымызда болмаған. Қыз бала, басына бөрігін киіп, орамалын артына байлап, шашына сыңғырлата шашбауын тағып жүрген", "Өте талантты, көрікті қызсыз, тарихи суреттерді ақтарып, жазбаларды қарасаңыз. Дінге еш қарсылым жоқ, керісінше Аллаға сенімім шексіз. Бірақ орану деген басқа мемлекеттерге тән нәрсе.Жалаңаш жүр демеймін, қазақ аруына сай киінсеңіз", "Ешкімді тыңдамаңыз, сіз замануи жабық киініп жүрсіз ғой", "Ақ орамалыңыз әдемі жарасып тұр. Жұрттың сөзін елемеңіз, шешпеңіз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1929252-moldir-auelbekova-asyq-zurgennen-zabyq-zurgen-zaqsy-emes-pe/

pixel