Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрсынбектің жұбайы ҰБТ дауына қатысты: Жақында халық алдында есеп береміз

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатов
Тұрсынбек жұбайы Мөлдірмен. Фото: www.instagram.com/moldir.mt/

Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова қызына қатысты туындаған ҰБТ дауы жөнінде алғаш рет пікір білдірді. Ол Instagram желісінде жазба қалдырып, бұл іс бойынша жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауапсыз қалмайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бала дегенде әрбір әке мен шешенің шығар жаны бөлек. Дәл қазір біздің отбасымызға жасалып жатқан ақпараттық шабуылға біз үнсіз қалып отырған жоқпыз. Біз іске көштік. Жақында ақ-қарасын дәлелмен ажыратып, халық алдында есеп береміз. Тек уақыт керек.

Өмірде жалған жала арқалағаннан асқан сорақылық жоқ екен. Дәл қазір менің ана жүрегім қас айырылып жүр. Өзіміздің қазақ бауырларымыздың бізді “халық жауы” етіп көрсетуге сонша талпынып жатқаны күйіндіреді. Ашық тұрған жарамызға тұз сеуіп, бізбен қоса баламызды ащы сөз, жалған ақпаратпен тұншықтырып жатқан әлеуметтік желі белсенділеріне налимын. “Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос” - деп Абай бабамыз келтірген жолдар қай кезде де өзекті. Қазақты жығып беретін, жығылған кезде жұдырық беретін де өз қазағымыз… Өте өкінішті!", - деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Ол, сонымен бірге, қызына қатысты ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін жеткізді.

"Халық алдында ұпай жинау үшін, охват пен лайк санын көтеру үшін теріс ақпарат таратқан, жеке бастың құқығын таптаған, бойжеткенге тіл тигізген әр блогер, жазушы, желі белсендісі Заң алдында жауапсыз қалмайды.

Өмірге өкпелі адамдар өзгелерді сөккісі келеді де отырады… Алла олардың балаларына жар болсын!", - деп жазды ол.

Еске салсақ, бұдан бірер апта бұрын заңгер Абзал Құспанның Facebook желісіндегі ҰБТ-дағы заңсыздықтар туралы жазбасы қоғамда қызу талқыға түскен болатын. Ол өз жазбасында ҰБТ кезінде бірнеше мектеп бітіруші түлектің орнына жалған құжатпен студенттер кірмек болғанын мәлімдеген-ді. Аталған мәлімдемеде Тұрсынбек Қабатовтың қызының есімі аталып, дау өрши түскен.

Көп ұзамай Қабатовтың өзі бұл ақпаратқа қатысты түсінік беріп, болған жайтты растады. Бірақ әзілкеш бұл істен бейхабар екенін және заңбұзушылыққа қызын тестке әзірлеген білім орталығының мамандары кінәлі екенін айтты.

Артынша шоуменнің қызықн қызын ҰБТ-ға дайындаған репетитор да өз шындығын айтты. Ол оқиғаның қалай болғанын да жасырмай айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1929579-tursynbektin-zubaiy-ubt-dauyna-qatysty-zaqynda-xalyq-aldynda-esep-beremiz/

pixel