Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі рэпер Канье Уэст жаңа альбомының релизін түсіруді қазақ режиссеріне тапсырды

Опубликовано:

Канье Уэст
Канье Уэст. Фото: forbes.ru

Америкалық рэп орындаушысы Канье Уэст (Kanye West) өзінің жаңа альбомының тұсаукесерін өткізді. Айта кетерлігі, аталған альбомның релизін түсіруге қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов қатысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жаңа альбомның тұсаукесері Канье Уэсттің туған қаласы - Атлантадағы Mercedes-Benz алаңында өткен. Бұл туралы rbc.ru басылымы жазды.

Donda-ның екі ауқымды тұсаукесеріне режиссер ретінде қазақстандық клипмейкер Айсұлтан Сейітов қатысқан. Осыған қатысты ақпарат forbes.ru басылымында тарады.

Ал Айсұлтанның өзі Instаgram желісінде шығармашылық процесстен үзінді салып, елді қызықтырып қойды.

"Бұл іске атсалысқаным үшін бақыттымын. Шақыртуыңа рахмет, Марат Шаяхметов", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бүгінде әлемдік деңгейде танылып жүрген қазақстандықтардың саны аз емес. Солардың бірі биылғы жылдың басында Грэмми сыйлығын жеңіп алған - Иманбек Зейкенов.

Ақсулық жігіттің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын алған болатын. Жеңімпаздарды жариялау рәсімі 14 наурызда өтті.

Диджейді жеңісімен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Атақты болғанға дейін Иманбек теміржолшы болған, ол музыканы аяқ асты жаза бастаған.

Бастамасы сәтті болғаннан кейін Иманбек Usher және Marshmello, Murana, Emma Peters, Stephanskiy, Parah Dice және Don Diablo сияқты танымал әртістермен тректер жазады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1929595-aigili-reper-kane-uest-zana-albomynyn-relizin-tusirudi-qazaq-rezisserine-tapsyrdy/

pixel