Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анаңның орнына қабылдау қиын": Бейбіт Қорған әкесі жайлы сыр шертті

Жарияланған күні:

Бейбіт Қорған анасымен
Бейбіт Қорған анасымен. Фото: Аашық дереккөздерден

Әнші Бейбіт Қорған Hit TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында өзінің өмірі жайында сыр шертті. Ол анасы өмірден озғаннан соң, әкесі өзге жанмен көңіл жарастырғанын жеткізді. Айтуынша, бұл жайтты қабылдау бастапқыда оған оңайға соқпаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұқбат барысында жеке өмірі туралы сөз қозғаған әнші әкесімен қарым-қатынасына да тоқтала кетті.

Өнер иесі анасы өмірден озған соң ол әкесінің өзге жанмен көңіл жарастыруын біршама ауыр қабылдағанын ашып айтты.

"Үйленген жоқ. Бірақ бар ғой. Анам қайтыс болғанға дейін танып, білгендігін естіп жатырмыз. Өзінің өмірі ғой. Еркек адам өзі шешеді. Әкемізге анау деп, мынау деп ештеңе дей алмаймыз. 

Бөтен адамды жақын адамыңдай қабылдау басында қиын болды. Оның үстіне, анаңның орнына... Миға сыймайтын нәрсе. Бірақ қайтесіз енді?! Әкенің де бабын табу керек", - дейді әнші.

Еске салсақ, осы сұқбаты кезінде өнер иесі жұбайымен де қарым-қатынасы дұрыс болмай жүргенін жеткізген болатын. Үш баланың әкесі өмірлік серігінің төркініне кетіп қалғанын жеткізген.

"Төркініне кетіп қалды. Оның қашан қайтатынын білмедім. Қайтпайтын да сияқты. Ұзаққа кеткен сияқты ғой. Әйеліме деген ренішім жетеді. Қайын жұрттың араласқаны дұрыс емес. Егер араласуға үйреніп қалған болса, өздері үшін өздері араласа берсін. Маған көрсетпей-ақ қойсын. Қазір айырылысып үйлене салу сәнге айналып кетті ғой. Қоймай жатса біз де солардың қатарына кірерміз", - деген болатын әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930204-anannyn-ornyna-qabyldau-qiyn-beibit-qorgan-akesinin-zeke-omirine-qatysty-pikir-bildirdi/