Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин қызының туған күнін атап өтті (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин отбасымен. Фото
Нұрболат Абдуллин отбасымен. Фото: instagram.com/nurbullin/

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин төрт жасқа толған қызы Шахназдың туған күнін жасады. Туған күнге өнер иесінің жақын достары мен туыстары жиналған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мерекелік іс-шарадан естелік суреттерді әнші өзінің Instagram парақшасына жүктеген. Қызына ақ тілегін арнаған ол желіде жазба қалдырды.

"Әр баланың өз несібесі бар дегенді кезінде естуші едім. Оны да түсіну үшін,көріп сезіну үшін ата-ана болу керек екен. Адам ниет етеді,Алла бұйыртады. Сөйтіп майғызымның туған күнін кішігірім атап өттік. Ақжарма тілегін арнап келген достарыма, жақындарыма алғыс. Әр перзентімнің айтқан арманын орындап жүрсем әкелік ғанибет сол шығар. Құлынымды туған күнімен ел алдында тағы да құттықтаймын. Амандығыңды тілеймін,айналайын! Анаңның ақылын тыңдап жүргейсің!", - деп жазды ол.

Әнші сонымен бірге, жұбайымен түскен суретін де жария етті.

Абдуллиннің отбасылық суреттерін көрген желідегі оқырмандары оның жұбайының сұлулығына тамсанып, жылы лебіздерін білдірді.

"Нұрболат, жұбайыңыз сұлу", "Келіншегіңізді сандықтан шығардыңыз ба?", "Нұрболаттың жұбайы ең стильді", "Керемет сұлу әйел", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930407-nurbolat-abdullin-qyzynyn-tugan-kunin-atap-otti-video/

pixel