Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіме сыйлық жасадым": Мәдина Сәдуақасова шетелден пәтер сатып алды

Опубликовано:

Мәдина Сәдуақасова
Мәдина Сәдуақасова. Кадр: instagram.com/sadvakasovamadina/

Мәдина Сәдуақасова Түркияның Аланья қаласынан пәтер иеленді. Әншінің айтуынша, ол баспананы өз туған күніне орай сатып алған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жазды.

"Аланиядан пәтер алып өз-өзіме сыйлық жасадым! Әнуарды мектепке жібердік, туған күн, міне, келіп қалды, әрі-бері ақшамызды шаша бермей әр нәрсеге, бір үй алып қояйық дедік!
Демалысқа келгенде отель емес, өзіңнің дап-дайын үйіңе барған жақсы емес пе?! Ал, көріп бағасын беріңіздер?! Әр отбасына осындай үй алу бұйырсын!", - деп жазып қойды әнші.

Әншінің оқырмандары оның қуанышына жылы лебіздерін білдіріп, құтықтауларын аяған жоқ.

"Бізге де жұғысты болсын!", "Құтты шаңырақ болсын!", "Бар шаңыраққа бұйырсын!", "Қандай керемет, сіз қандай үйге болсын лайықтысыз, сіз үшін қуаныштымыз", "Іші жанға, сырты малға толсын", - деп жазды оқырмандары.

Айта кету керек, отандық жұлдыздардың ішінде Түркиядан баспана сатып алған жалғыз Сәдуақасова емес. Бұған дейін Алтынай Жорабаева, Қыдырәлі мен Қарақат сынды жұлдыздар да түрік елінен баспаналы болғандарын хабарлаған еді.

Отандық продюсер Алуа Қонарова болса, түбегейлі Түркияға қоныс аударған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930541-ozime-syilyq-zasadym-madina-saduaqasova-setelden-pater-satyp-aldy/

pixel