"Анджелина Джоли": Жәния Джуринская мінсіз мүсінін паш етті (фото)
Опубликовано:

Отандық танымал актриса Жәния Джуринская желіде жаңа суреттерімен бөлісіп, елді өзіне қаратты. Өнер иесі қалың көпшілікке мінсіз мүсінін паш еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жәния Джуринская талдырмаш мүсінін Instagram парақшасында көрсетті. Актрисаның жаңа фотолары бірден оқырмандарының назарына ілігіп, көптеген пікірлерге ие болды. Теңіз жағасындағы суреттер санаулы уақыт ішінде 20 мыңнан аса лүпіл жинап үлгерді.
Желі қолданушылары өнер иесінің мінсіз мүсініне тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірді. Кейбір оқырмандар оны америкалық актриса Анджелина Джолиге ұқсатып жатты.
"Өте сұлу актриса", "Сондай қылықты қызсың", "Осы бикештің фигурасы от", "Қандай әдемісің", "Анджелина Джоли сияқты. Қатты ұқсайсың", "Қазақстанныңң Анджелинасы", "Мінсіз мүсінді ару", "Күйеуіңіздің бағы бар екен. Осындай қызды жар қылып алған", "Недеген фигура", - деп жазуда көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930647-andzelina-dzoli-zaniya-dzurinskaya-minsiz-musinin-pas-etti-foto/