Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімді көргендей болдым": Жігер Ауыпбаев талантымен елді тамсандырған қойшы баланы қалаға әкелді (видео)

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев пен Айдос Кәден
Жігер Ауыпбаев пен Айдос Кәден: instagram.com/jiger_auypbaev_official/

Tik-Tok әлеуметтік желісінде екі күнде 1,3 миллион қаралым жинап, жұртшылықты дауысымен таңғалдырған қойшы баланы әнші Жігер Ауыпбаев іздеп тапты. Жасөспірімнің талантына тәнті болған өнер иесі оны жайлаудан қалаға алып келгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айдос Кәден есімді 9-сынып оқушысының ән салған видеосы бұдан бірер апта бұрын желіні шарлап кеткен болатын.

Жеткіншектің дауысы көптеген желі қолданушысын таңғалдырып, олар оның дарынына сүйсінген еді. Аз уақыттың ішінде Айдос Кәденнің есімі республикалық БАҚ-та айтыла бастады.

Ал бүгінде Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылында тұратын жасөспірімді әнші Жігер Ауыпбаевтың іздеп тапқаны белгілі болып отыр. Бұл туралы әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Бұлақ көрсең көзін аш". Қойшы баланың жайлауына барып ата-анасының алдынан өтіп қайттық. Сайын далада еш заңдылыққа бағынбай қой бағып жүріп емін-еркін сайрап өскен қойшы баланың бойынан бала күнгі Жігерді көргендей болдым. Туған ауылым Кегеннің оң жақ қапталынан орын тепкен Көкпияз ауылында балалық шағымның бір бөлшегі қой бағумен өткен еді.

Өрісте қой кезекте жүріп кеш батқанша уақыт өтпей қоятын. Сол кезде астымдағы атымды тұсап қойып қойларға айқайлап ән айтып беретін едім.

Таудың тәрбиесі бөлек қой. Маған дейін біраз жандар хабарласып қойшы балаға қолқа салған екен. Қойшы баланың ата-анасы, бауырлары маған шәкірттікке беруге ниетті екенін білдірді.

"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға". Өзім әлі күнге дейін біреуге шәкіртпін.

Десек те, осы күнге дейін жиған азды-көпті ілім-біліміммен енді қойшы баланы баптап көреміз.

Өнер жолы өте ұзақ жол. Бұл жолда өнерді сүйген адам ғана жетістікке жетеді. Арманға жету жолында қаншама қиындықтар, соқпақ жолдар кездеседі. Солардың бәрінен сүрінбей өткен адамның маңдайы жарқырайды. Ал сіздер қойшы бала екеумізге сәттілік тілеп, ақ баталарыңызды беріп қойыңыздар", - дейді өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Айдос Кәденмен бірге ән жазу ойында бар екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930763-ozimdi-korgendei-boldym-ziger-auypbaev-talantymen-eldi-tamsandyrgan-qoisy-balany-qalaga-akeldi-video/

pixel