Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір Аллаға тапсырдым": Тамара Асар сәбиін өзі босанбады деп айыптағандарға жауап берді

Опубликовано:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: instagram.com/p/CTHoBWJMsEj/

Тамара Асар Instagram әлеуметтік желісінде көңіліне келетін сөз айтып, сәбиін өзі босанбады деп топшылаған оқырмандарына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бірер апта бұрын екінші рет сәбилі болып, көпшілікті қуантқан Тамара Асарға оқырмандары желіде түрлі пікірлер жазып, көңілін түсіруде. Мәселен, сұрақ-жауап кезінде оған жазылушылардың бірі:

"Босанған анаға мүлдем ұқсамайсыз. Сірә, Жазира ханым сияқты, суррогаттық...", - деп болжам жасаған.

Оқырманның мұндай әдепсіздігін көрген Тамара Асар да оған өз жауабын берді.

"Сөзіңіз ащы, ниетіңіз лас екен. Сізге ақталып, тәнім мен жанымды жалаңаштау ойымда жоқ. Жиырма жылдан кейін менің тар құрсағымды кеңіткен, тас емшегімді жібіткен бір Аллаға тапсырдым сізді!", - деп жазды әнші.

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: instagram.com/p/CTHoBWJMsEj/

Айта кету керек, қазіргі таңда жас босанған ана дәрігерлердің кеңесімен таза ауа тыныстап, сәбиін далаға шығарып жүр. Тұңғышы мен екінші сәбиінің арасы жиырма жыл болғандықтан, ол өз оқырмандарынан осыған байланысты кеңес сұрап, күні кеше жазба қалдырған. Оқырмандары да оған барынша білген-түйгенін айтып, кеңестерін аямауда.

Еске салсақ, Тамара Асар қызын 2 қыркүйек күні дүниеге әкелген. Сәбиінің есімін әнші мен оның кәсіпкер жолдасы Ажар деп қойған. Бұл қуанышты жаңалықты әншінің өзі Instagram парақшасына жазған.

Ал 9 қыркүйек күні эстрада жұлдызын жақындары перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды. Әншінің қуанышын бөлісуге Мәдина Сәдуақасова, Ғаділбек Жанай, Айнұр Асанберді сынды жұлдыздар келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1932328-bir-allaga-tapsyrdym-tamara-asar-sabiin-ozi-bosanbady-dep-aiyptagandarga-zauap-berdi/

pixel