Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Альбина Шардарова екінші сәбиін өмірге әкелді (фото)

Опубликовано:

Альбина Шардарова
Альбина Шардарова: instagram.com/albina.shardarova/

Отандық әнші Альбина Шардарова екінші сәбиін дүниеге әкелді. Әнші Instagram желісінде көпшілікке жаңалығын айтып, сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Альбина перзентханадан сурет жүктеп, оқырмандарына қуанышты жайтты бірінші болып жеткізген. Айтуынша, ол 17 қыркүйекте жұма күні босанған.

"Сүйінші!

Бүгінгі қасиетті жұмада түскі сағат 14:45-те, салмағы - 3810 келі, бойы - 52 см болып, Алланың қалауымен дүниеге екінші ханшайымымыз келді.

Шүкір, екеуміздің де жағдайымыз жақсы! Біз үшін тілеулес болып, дұға жасаған жақындарыма, оқырмандарыма алғысым шексіз! Енді құттықтап қойсаңыздар болады. Бауыржан екеуіміз екінші рет ата-ана атандық, Жасминіміз әпке атанып жатыр. Аллаға шүкір!

Аяғы ауыр барлық келіншектер аман-есен, жеңіл (жеңілі болмайды негізі, бірақ сонда да) босанып алса екен деп тілеймін!", - деп жазды ол.

Олардың шаңырағындағы бұл қуанышты жайтқа оқырмандары да ізгі тілектерін білдіріп, құттықтауларын аямады.

Еске салсақ, актер Бауыржан Сатов пен әнші Альбина Шардарованың тұңғышы Жасмин 2019 жылы өмірге келген болатын. Қазір Жасмин үш жаста.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1932765-albina-sardarova-ekinsi-sabiin-omirge-akeldi-foto/

pixel