Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Джип мінгіздік": Мөлдір Әуелбекова 60 жасқа толған әкесіне көлік сыйлады

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова әкесімен
Мөлдір Әуелбекова әкесімен: instagram.com/moldir.auyelbekova/

Эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова әкесінің мерейтойына көлік сыйлады. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әнші өзінің әкесін 60 жасқа толуымен құттықтап, жазба жариялады.

"Асқар тауым Есіркеп Қапайұлы 60 жасқа толды! Аллаға сансыз шүкір! Көңілін көтеріп бала шаға жиналып джип мінгіздік! Тілектеріңізді жаудырыңыздар, оқып марқайып қалсын!", - деп жазған әнші әкесіне арнап видео жүктеген.

Оның бұл жаңалығын естіген оқырмандары жұлдыздың әкесіне ақжарма тілектерін жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.

"Өмір жасы ұзақ болсын, ұл,қызының немерелерінің ортасында марқайып жүре берсін!", "Құрдас екенбіз. Ата-анаңа мықты денсаулық тілеймін! Жастары ұзақ болып, немере шөберелерінің қызығын көрсін", "Құтты болсын, жүз жасаңыз", - деп жазды олар.

Еске салсақ, биыл маусым айында Мөлдір Әуелбекова екінші сәбиін дүниеге әкелген болатын. Соған қарамастан, қазіргі таңда әнші шығармашылығына да көңіл бөліп, жаңа әндер жазу үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1932901-dzip-mingizdik-moldir-auelbekova-60-zasqa-tolgan-akesine-kolik-syilady/

pixel