Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аша Матайдың толық кезіндегі суреті желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Аша Матай
Аша Матай. Фото: instagram.com/asha_matai/

Отандық эстрада жұлдызы Аша Матай өзінің толық кезіндегі суретін жұртқа жария етті. Жуырда ғана 7 айдың ішінде 32 келі тастағанын мәлімдеген әншінің суреті көптің талқысына түсті.

Аша Матай бүгінде қыз-келіншектерге салмақ тастауға көмектесетін фитнес-сабақтар марафонын белсенді түрде жарнамалауға кіріскен.

Ол артық салмақтан құтылғысы келетін жандарға мақсатына жету үшін барынша көмектесетінін айтқан болатын.

Осыған дейінгі жазбаларының бірінде әнші бас-аяғы бірнеше айдың ішінде 32 келіге дейін салмақ тастағанын атап өткен еді. Соның дәлелі ретінде өнер иесі толық кезіндегі суреттерін жариялады.

Алайда желі қолданушылары Аша Матайдың бұл әрекетін жақтырмай қалды. Олар бұл суреттер әншінің жүкті кезінде түсірілгенін айтып, наразылығын білдірді.

"Аяғы ауыр кездегі фотоларды марафонға салғаны несі?!", "Шамамен салмағы 100 келі болған әйел осылай 60 келіге арықтаса сенуге болады. Ал Аша ханым сіз қай кезде де арықсыз. Ол босанғанға дейінгі суреттер деп ойлаймын", "Қарапайым халықты алдама олай.

Әдейі екіқабат кездерді шығарып қойыпсың. Сіз тренировкаға барып арықтадыңыз. Ал басқа әйелдер бара алмайды олай", "Кешіріңіз, барлық суреттерде аяғыңыз ауыр ғой. Босанғаннан кейін ісінеді ғой адам. Бұл барлығында болады", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1933307-asa-mataidyn-tolyq-kezindegi-sureti-zelide-qyzu-talqyga-tusti-foto/

pixel