Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"39 жасқа толғанымды жасырмаймын": Динара Сәтжан туған күнін 90-жылдар стилінде өткізді (фото, видео)

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Динара Сәтжан. Фото: instagram.com/dinarasatzhan/

Отандық тележұлдыз Динара Сәтжан туған күнін айрықша атап өтті. Өнер жұлдыздары, шоу бизнестегі достары, блогерлер мен жақындары үшін ол 90-жылдар стилінде мерекелік кеш ұйымдастырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Динара Сәтжан өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жастық шағын сағынғанын айтып, сол жылдардағы естеліктерімен бөлісті.

"Динка, туған күніңді бұл стильде өткізсең, өзіңнің жасыңның қаншада екенін білдіріп қоясың", дейді менің бөле сіңлім Айнұр. Ал мен 39 жаста екенімді жасырмаймын.

Мен 90-жылдарды қатты сағындым. "Руки Вверх", "Иванушки", "ТриСтар", "Кай Метов" пен "Парвиз Назаров" сынды жұлдыздардың аудиокассеталарын жинайтыным да есімде. Turbo және Love is… сағыздарының, Zuko, Юппи мен Инвайттардың дәмін әлі де ұмытқан жоқпын.

Қиын кезең еді. Әкем Жаңабай Сәтжан бизнеске кетті. Алқызыл түсті пенжек пен Волга сатып алған еді (пенжекті кеше киіп келді). Ісі алға басты", - деп есін алады ол.

Айтуынша, сол кездерді еске түсірмек мақсатта ол достарымен бірге мерекелік кешті осы стильде өткізуді шешкен.

Айта кету керек, аталған кешке Баян Алагөзова, Парвиз Назаров, Бейбіт Әлібекова, Өркен Кенжебек және т.б. қатысқан.

Кеш қонақтары 90-жылдардың стилінде киініп, сол кезеңдегі музыканың сүйемелдеуімен би билеп, көңіл көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1933498-39-zasqa-tolganymdy-zasyrmaimyn-dinara-satzan-tugan-kunin-90-zyldar-stilinde-otkizdi-foto-video/

pixel