Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытты болыңдар": AZ мен Ерке Есмаханның видеосы желіде қызу талқыланды

Опубликовано:

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан
Видеодан кадр: Instagram/xciii.ix.xxviii

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызы жұптардың бірі Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев жанкүйерлерін жаңа видеомен қуантты. Қос ғашық желіде қол ұстасып келе жатқан бейнежазбамен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш видео Азамат Зенкаевтың Instagram парақшасында пайда болған. Бейнежазбадан жұлдызды жұптың қол ұстасып серуендеп келе жатқандарын көруге болады.

Желі қолданушылары бірден оларды қызу талқыға алып, өз пікірлерімен бөлісті. Кейбір оқырмандар қос ғашықтың бірдей киініп алғанын байқап, олардың талғамына жоғары бағасын беріп өтті.

Азамат пен Еркенің жеке өмірін жіті қадағалап отыратын жанкүйерлері олардың видеосына тәнті болып, ғашықтарға деген ақ тілектерін жаудырды.

"Бақытты болыңдар. Көз тимесін", "Тәтті жұп. Жас айырмашылықьары білінбейді екен", "Жарасып-ақ тұр екеуі. Бақытты болыңдар", "Махаббаттарың баянды болсын", "Бірдей стильде киініп алыпты. Жарайсыңдар", "Стильдерің ерекше, сендерге қатты қызығамын", "Шынайы махаббат бар", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1933694-baqytty-bolyndar-az-men-erke-esmaxannyn-videosy-zelide-qyzu-talqylandy/

pixel