Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арманым орындалды": Мұқағали рөліндегі Азамат Сатыбалды елді тәнті етті (фото)

Опубликовано:

Мұқағали Мақатаев пен Азамат Сатыбалды
Фото: Instagram/azamatc

Отандық танымал актер Азамат Сатыбалды өзінің арманындағы рөлін сомдап шыққанын айтты. Өнер иесі көптен бері әйгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың кейпіне енуді арман еткенін жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды бұл қуанышымен өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, арманын орындаған жандарға өз алғысын білдірді. Сонымен қатар, өнер иесі Мұқағалидің образындағы суретін де ел назарына ұсынған.

"Осыдан он жыл бұрын бір журналист,қандай рольді армандайсыз деп сұрап еді. Сонда ойланбастан Мұқағали деп жауап берген болатынмын. Міне, армандар орындалып биыл тау тұлғамен жақынырақ табыстым. Таныса келе тағдырының сан қилы екеніне көзім жетті. Мұқағали ақын болмаған, ол ақын болып жаратылған құбылыс. Қолымнан келгенше жақындауға тырыстым.
Әрбір қазақтың өз Мұқағалиі бар ғой. Мен өзім таныған, өзім зерттеген, өзім жақсы көрген Мұқағалиды жасап шықтым деп ойлаймын. Бұл менің Мұқағалиім. Осындай мүмкіндік берген Ұлттық арна ұжымына, басшысы Ләззат Мұратқызына мың алғысымды айтамын. Дархан Саркенов бастаған түсірілім тобына рахмет айтамын. Енді қырағы көрермен өз бағасын берер. Ең бастысы, ағаның аруағы разы болса екен. Қалғаны жаратушының еншісінді. Аллаға аманат", - деп жазды актер.

Желі қолданушылары ақиық ақын мен актердің өзара ұқсастығын атап өтті. Ал кейбірі бұл пікірге қарсы шығып, олардың мүлдем ұқсамайтындарын жазуда.

"Сыртқы ұқсастықта сөз жоқ. Мәселе ішкі жан дүниеде", "Сіздің жүзіңіз қаталдау, Мұқағалидің жүзі мейірімдірек", "Сіздің реңіңіз қатқылдау, сұсты көрінеді екен. Ал ол кісінің түрі мейірімді екен", "Қатты ұқсайсыздар", "Мен жас кезі екен деп қалдым. Керемет ұқсастық. Сәттілік", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1933736-armanym-oryndaldy-muqagali-rolindegi-azamat-satybaldy-eldi-tanti-etti-foto/

pixel