RU

"Бөпелі боласыздар": Әншілер Ерке Есмаханның аяғы ауыр деп болжауда

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан желіде екі ойлы жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Өнер иесі алдағы уақытта көпшілікпен бір жақсы жаңалығымен бөлісетінін айтты. Әншінің өнердегі әріптестері оның аяғы ауыр екенін болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан аталмыш жазбаны Instagram парақшасында жариялап қойған. Ол жанкүйерлерін жақында қуантатынын хабарлады.

"Қыздар, менен жақында жақсы жаңалық күтіңіздер! Не деп ойлайсыздар?", – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары әншінің сөздерін бірден қызу талқылап, өз нұсқаларымен бөлісті. Олардың арасында отандық шоу-бизнес өкілдері де болды.

Серік Ибрагимов пен Жазира Байырбекова әнші арудың аяғы ауыр деп болжады.

"Бөпелі боласыздар", "Тұрмысқа шығасыз", "Сырға салынады", "Қазақша ойласақ аяғың ауыр", "Азаматқа тұрмысқа шығасың, отбасы құрасың", "Жаңа әндер шығарасыз", "Той, той", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1933764-bopeli-bolasyzdar-ansiler-erke-esmaxannyn-ayagy-auyr-dep-bolzauda/