RU

"Сәтсіздіктен өлердей қорқады": Нұрболат Абдуллиннің жазбасы елді ойландырып қойды

Нұрболат Абдуллин
Фото: Instagram/nurbullin

Отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин желіде аса әсерлі жазба жариялап, қалың көпшілікті ойландырып қойды. Эстрада жұлдызы өмірде болатын сәтсіздіктер туралы өз ой толғауын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин Instagram парақшасында сәтсіздік дегеннің не екенін қысқаша түсіндіріп өтті. Өнер иесінің сөзінше, көпшілік арасында сәтсіздік жайлы қате ой қалыптасқан.

"Сәтсіздікті көп адамдар өлім үкіміндей көріп, одан өлердей қорқады. Егер сәтсіздікке ұшырап, ақшамнан немесе басқа да игіліктерімнен айырылсам, ол өліммен тең деп түсінетіндер көп. Мұндай ой сәтсіздіктің астарында біз үшін қандай игіліктер жататынын түйсінуге кедергісін келтіреді. Сәтсіздік – біздің ұстазымыз", - деп жазды әнші.

Шоу-бизнес өкілінің бұл сөзімен бірі келіссе, бірі керісінше оған қарсы ой айтты.

"Келісемін", "Сәтсіздік адамның ойлау қабілетін арттырады. Өз қателігін мойындайды. Ойланып іс істеуге бағыттайды. Аузы күйген тамақты үрлеп ішеді", "Ақылдысың", "Ақылыңнан айналдым", "Дәл қазір қатты қорқып отырмын", "Сәтсіздік - сабақ", "Дүние мен денсаулықты шатастырған заман", - деп жазды халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1933779-satsizdikten-olerdei-qorqady-nurbolat-abdullinnin-zazbasy-eldi-oilandyryp-qoidy/