Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Лариса Гузеева ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді

Опубликовано:

Лариса Гузеева
Лариса Гузеева. Фото: instagram.com/_larisa_guzeeva_/

Ресейлік БАҚ-та танымал тележүргізуші Лариса Гузееваны Мәскеу ауруханасына жедел түрде жеткізілгені туралы апарат жария етілді.

Ларисаны 26 қыркүйек күні жедел жәрдеммен №40 Мәскеу қалалық ауруханасына жеткізілген, деп жазады "Комсомольская правда". Басылымға бұл ақпаратты ұсынған дереккөз тележүргізушіден коронавирус инфекциясы анықталмағанын жеткізген.

"Давай поженимся" бағдарламасының жүргізушісінің жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалаған. Қазіргі таңда ол жеке палатаға шығарылған.

Сонымен бірге, ресейлік жұлдыздың қатты қорқып қалғаны да хабарланып отыр.

Айта кету керек, актриса бұдан екі күн бұрын ғана Instagram желісіндегі парақшасында суға шомылып жүрген суретін жүктеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934009-baq-larisa-guzeeva-auruxanaga-zedel-zardemmen-zetkizildi/

pixel