Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қандай қатал әйел": Тележүргізуші Дина Төлепберген актерлікке бет бұрды

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген енді өзін жаңа қырынан танытпақ. Ақпарат өкілі бүгінде актерлікке бет бұрып, сериалға түсіп жатқанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген бұл жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Белгілі журналист түсірілім алаңынан фото жариялап, өзінің алғашқы рөлі туралы айтып өтті.

Ақпарат өкілі отандық телехикаяда өзін сомдайтын болды. Ол рөлге барынша ену барысында өзі жүргізетін бағдарлама шығарылымдарын арнайы қарап шыққан. Нәтижесінде тележүргізуші өзінен қорқып қалғанын жасырмады. Дина Төлепберген көгілдір экраннан тым қатал көрінетінін аңғарған.

"Глютенсіз самсамен Динаның жүрегіне жол тапқан сұлу. Түсініксіз бе? Иә, маған да түсініксіздеу. Бұл сериалдың сценариі. Қысқасы, таяуда енді мені сериалда көресіз. Мен үшін бұл бір қызық тәжірибе болды. Режиссер "Дина, сіз өзіңізді ойнайсыз. Еш уайымдамаңыз" деп еді. Мен? Мен қандаймын өзі? Эфирдегі интонациям, жүрісім. Мендегінің бәрі импровизация. Өзіме осы уақытқа дейін сырттай қарап көрмеппін. Сериал үшін эфирлерімді қайта қарап, шын айтамын, қорқып қалдым ғой. Қандай қатал әйел. Бұл мен бе? Сериалдағы рөлім- өмірдегі Динаның принциптерімен сәйкес келе бермейді. Ескертіп қояйын! Тұсаукесер таяуда", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934047-qandai-qatal-aiel-telezurgizusi-dina-tolepbergen-akterlikke-bet-burdy/

pixel