Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Гүлнәр Сілбаева аяғы ауыр екенін растады (видео)

Опубликовано:

Гүлнәр Сильбаева
Фото: Instagram/naarah_s

Отандық танымал актриса Гүлнәр Сілбаева жақында алғаш рет ана атанбақ. Киножұлдыз қалың көпшілікке аяғы ауыр екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнәр Сілбаева бұл қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Өнер иесі соңғы уақытта әлеуметтік желіде көрінбей кетуіне өміріндегі өзгерістері себеп болғанын айтты. Бұл жазбадан кейін желі қолданушылары бірден актрисаның аяғы ауыр екенін жарыса болжаған еді.

Көпшіліктің айтқаны түбі расталды. Сілбаева артынан жаңа видеосын жариялап, тұңғышын күтіп жүргенін хабарлады. Бейнежазбадан өнер иесінің іші шығып қалғанын аңғаруға болады.

Желідегілер ерлі-зайыптыларды құттықтап, өз ақ тілектерін білдіріп жатты. Олардың арасында актрисаның жұлдызды әріптестері де болды.

Аружан Жазылбекова, Кентал, Әсел Сәдуақасова, Альмира Тұрсын, Әсел Сағатова, Мадина Сәдуақасова, Әсел Жамақаева мен Луина алғашқылардың бірі болып бұл жаңалыққа қуанып, өз жылы лебіздерін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934086-aktrisa-gulnar-silbaeva-ayagy-auyr-ekenin-rastady-video/

pixel