Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Полицияға алып барамыз": Шымкенттегі концерті болмай қалған ресейлік әнші ашуға мінді

Опубликовано:

Jony
Jony: instagram.com/jony.me/

Шымкентте танымал ресейлік әнші Jony-дің концерті болмай қалды. Бұл туралы жұлдыз өзінің Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті. Жастардың сүйікті орындаушысыжеліде концерт өткізуге аяқ астынан тыйым салған жергілікті құзырлы органдарға шүйлікті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шынтуайтында, әнші мен оның командасы Өзбекстаннан Қазақстанға өтпек болған кезде де бірқатар проблемаларға тап болыпты. Өнер иесі командасын шекарадан өткізбей жатқанын хабарлаған. Ал шекарадан өтіп, Шымкентке жеткенде концерттің болмайтынын білген. Бұл жайт әртістің шамына тиген.

Скриншот
Скриншот: instagram.com/jony.me/

"Біз таңғалып отырмыз. Заңға қарсы жүре алмайсың. Қала билігінің "батылдығы" сондай, олар тіпті алдын ала келісіліп қойған концертті болдырмай тастап, халыққа соны өз аузымен жеткізуге шамалары келмеді. Микрофонға келіп, ковидке байланысты бұған дейін де концертке жарымай жүрген халыққа айтуға батылдығы жетпеді.

Бұл кісілер өзінің қаражатын жұмсап, билет сатып алды. Сондықтан, концерттің неліктен болмайтынын білуге құқылы еді. "Шығып, халыққа түсіндіріңіздер", десек, "микрофонға тағы бір рет жақындасаң, полицияға әкетеміз" деп қана жауап бере алдыңдар.

Айтпақшы, аталған заң кеше ғна қабылданып, ертең күшін жояды екен. Кездейсоқтық", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934094-policiyaga-alyp-baramyz-symkenttegi-koncerti-ayaq-astynan-bolmai-qalgan-reseilik-ansi-asuga-mindi/

pixel