Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр әншінің өз ағатайы бар": Өмірқұл Айниязов шоу-бизнестегі достыққа қатысты шындықты айтты

Жарияланған күні:

Өмірқұл Айниязов
Өмірқұл Айниязов: Instagram

Әнші Өмірқұл Айниязов отандық шоу-бизнес жұлдыздарының арасында ешқандай достық болмайтынын ашып айтты. Өнер иесі әртістер өзара жақсы араласқанымен, әншілер арасында қатты жақындық жоқ деген пікірде. Бұл туралы ол KAZ.NUR.KZ

"Еліміздегі өнер жұлдыздары өзара жақсы араласады. Бір-біріне демеу көрсетіп, қолпаштап, үлкенді-кішілі той-жиындарда бірге болады.

Тіпті, еліміздегі барлық әншілер бірге отыратын ортақ чатымыз да бар. Сол чатта көптеген мәселелер шешіліп жатады. Бір-бірімізге көмектесіп, біреуге көмегіміз қажет болса, қолдап дегендей...

Алайда, әншілердің арасында достық бар деп айта алмаймын. Әркімнің өз тыңдарманы, өз қолдаушылары, демеп жүретін ағалары бар. Өз нөкерлері бар десем, артық емес. Барлығымен де ара-қатынасымыз жақсы.

Өнер адамдары бөлек-бөлек, әрқайсынының орны ерек жандар. Бәрімен дос болып кету мүмкін емес. Әркімнің өз амбициясы бар, өзіндік әншілік орындары бар. Сондықтан, бәрі қатты дос болып кетеді деп айта алмаймын. Әркімнің өз еркелетінін ағасы бар. Мен де өз командаммен, шәкірттеріммен, тыңдаушыларыммен, қолдаушыларыммен бірге жүремін.

Бірақ әншілермен тойда, сахнада жиі кездесеміз. Бір-бірімізді шақырып тұрамыз. Жанар апамыз, Асылбек бар, Жұлдызай, Серікбол сынды әріптестерміз үйдегі қуанышымызда болып жүр. Алайда, бәрімен күнде кездесеміз деп өтірік айта алмаймын. Кештерде, презентацияларда, тойларда бәрімен амандығымыз түзу. Қуаныштарына ортақтасып, қашан да тілекші болып отырамыз", - дейді Айниязов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934187-ar-ansinin-oz-agataiy-bar-omirqul-ainiyazov-sou-biznestegi-dostyqqa-qatysty-syndyqty-aitty/