Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолыңнан келмейді": Ақбота Сейітмағамбет өзіне сенбегендерге жауап берді

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет оқырмандарына ашылып, оларды қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Соның барысында өнер иесі кезінде өзіне сенбеген жандарды да есіне алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет өнерге қадам бастаған кезде өзіне көптеген сыни пікірлер айтылғанын жеткізді. Алайда, эстрада жұлдызы көпшіліктің сөздеріне қарамастан, оларға қолынан көп нәрсе келетінін дәлелдеген.

Ол өмірінің сол сәтінде айтылған пікірлерге қатты ренжігенін жасырмайды.

"Бұл сенің жолың емес, қолыңнан келмейді, әліңе қара! Сенікі құр қиял, оған жету қайда?! Саған осы да болады, сол да жетеді, деді. Бірақ мен қолымнан не келетінін дәлелдедім. Әлі де талай дәлелдеймін, амандық болса", - деп жауап берді ол.

Айта кетерлігі, өнер жолын әнші ретінде бастаған Ақбота Сейітмағамбет бүгінде өзін кино саласында да жақсы көрсетіп жүр. Өнер иесі түрлі фильмдер мен сериалдарға түсіп, тележүргізушілік қызметін де меңгеріп алды. Ол қазіргі таңда "Алматы" телеарнасындағы "Таңғы хабар" бағдарламасының тізгігін ұстайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934256-qolynnan-kelmeidi-aqbota-seiitmagambet-ozine-senbegenderge-zauap-berdi/

pixel