Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миыңды ашытпауға тырысып жүрмін": Жанболат Жазираны туған күнімен ерекше құттықтады

Опубликовано:

Жанболат пен Жазира
Фото: Instagram/zhanbolat_erbatyrov

Қазақ эстрадасының жұлдызы Жанболат Ербатыров жары Жазира Байырбекованы туған күнімен ерекше құттықтап, оған өз ақ тілегін жолдады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанболат Ербатыров келіншегінің жаңа жасқа толуына орай, Instagram желісінде аса әсерлі жазбамен бөлісті. Ол әйеліне ең бастысы ауырмауын тіледі. Өзі болса оны барынша қартайтпауға тырысып жүргенін алға тартты.

"Жазира туған күніңмен! Ертерек құттықтап қоймасам сағат 12:00-ге дейін ұйықтап қалуым мүмкін. Ертең ерте тұруым керек шаруаларым бар өзің білесіңғой. Келесі жылға дейін бұйыртса үйімізді көтеріп бітіруіміз керек. Көкем ботам аққұдай саған өмірдегі бар жақсылықты тілеймін! Сосын ауыра бермеш әлі құдай қаласа баламызды үйлендіріп, қызымызды ұзатуымыз керек. Қаншама халқың қыздарын ұзатамыздеп сені күтіп ниеттеніп жүр. Сені қартайтпауға миыңды ашытпауға тырысып келе жатырмынғой. Қалай өзі байқап жүрген шығарсың.
Ұзын жазудың қысқасы Алла тағаланың берген жасын жасайбер! Халқыңның ерке сыйлы қызы болып, гүлдей жайнап,жақсы әндеріңмен еліңді қуантып жүруіңе тілектеспін! Қайырлы түн ағайын! Ұйықтап қалмасаңыздар құттықтап қойсаңыздар болады жақсыларым! Баршаңызды құшақтадым! Аман сау болайық бауырымыз бүтін Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын ардақты ағайын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934885-miyndy-asytpauga-tyrysyp-zurmin-zanbolat-zazirany-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady/

pixel