RU

Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты ер адамы атанды

Димаш Құдайберген
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Отандық танымал әнші Димаш Құдайберген King Choice сайтының нұсқасы бойынша Азияның ең сымбатты ер адамы атанды. Ол "Азияның 100 сымбатты жігітін" анықтау үшін ұйымдастырылған онлайн дауыс беруде бірінші орынды иеленді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандасымыз King Choice сайтында 9,3 миллион дауысқа ие болды. Дауыс беру үрдісі 30 қыркүйек күні аяқталды. Димаш Құдайберген өзге азиялық жұлдыздарды басып озды.

Аталмыш рейтингте екінші орынды Оңтүстік Кореяның BTS тобының мүшесі Ким Сокджин алды. Ол үшін 8,2 миллион адам дауыс берді. Кореялық әнші Ча Ын У үшінші орынды иеленді. Өнер иесі 1,9 миллион адамның дауысын жинаған.

Төртінші орын тай актері Вин Метавинге бұйырды. Ол үшін 1,7 миллион адам дауыс берді. Брайт Вачиравит Чиваари бесінші болды. Ол 1,5 миллион дауысқа ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934910-dimas-qudaibergen-aziyanyn-en-symbatty-er-adamy-atandy/