Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмас Кішкенбаев сүйіктісі бар екенін растады

Опубликовано:

Алмас Кішкенбаев
Фото: Instagram/a.kishkenbaev

Қазақстандық танымал әнші Алмас Кішкенбаев жанкүйерлеріне барынша ашылып, өзінің жеке қмірі туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі бүгінде басы бос емес екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алмас Кішкенбаев оқырмандарына жақын болу үшін Instagram желісінде оларды қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Қалың көпшілік эстрада жұлдызына көбіне шығармашылығы мен жеке өміріне қатысты сауалдарды жаудырған.

Әншінің жанкүйерлері оның сахнада ән салғанын асыға күтіп жүргендерін жазды. Олар Кішкенбаевтан жаңа әндер қашан шығатынын сұрады. Өз кезегінде әртіс шығармашылығын енді қолға алып, қызу жұмыс бастайтынын айтты.

Оған қоса, желі қолданушыларын жұлдыздың жеке өмірі қызықтырды. Оқырмандар оған сүйіктісі туралы сұрақ жолдады. Алмас еш жасырмастан қазіргі уақытта жүріп жүрген қызы бар екенін растады.

Айта кетейік, Алмас Кішкенбаев бұған дейін отбасылы болған. Алайда, некесі сәтсіз болып, жары екеуі ажырасып кетті. Олардың ортақ екі қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934926-almas-kiskenbaev-suiiktisi-bar-ekenin-rastady/