Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкім күткен жоқ": Ұзын шашын қиып тастаған Сәдуақасова елді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова имиджін түбегейлі өзгертіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесі ұзын шашын қиып тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші бұл батыл қадамға қалай барғаны туралы Instagram желісінде барша оқырмандарына айтып берген. Оған қоса, ол шаш үлгісін өзгерту үрдісін өз парақшасында көрсеткен.

Бейнежазбада шоу-бизнес жұлдызының сұлулық салонына барып, шашын қиғызып жатқаны көрініс тапты.

Сәдуақасова жаңа альбомы жарыққа шығар алдында өзінің шаш үлгісін де жаңартуды жөн көрген. Сонымен қатар, әнші мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты. Ол болашақта өзінде тағы да бірқатар өзгерістер болатынын жеткізді.

"Бұндайды менен ешкім күткен жоқ. Тіпті, өзім де. Білмеймін, Алматының ауа-райы әсер етті ме, бірақ, бүгін салонға барып: “ Балнұр, не істегің келеді, соны жаса “,- деп айттым. Бір сағаттың ішінде супер жаңа прическа. Қыздар, бұндай шаш үлгісін бұрын соңды ешкімнен көрген жоқсыздар ғой, даа?! Жаңа тренд! Жаңа образ! Жаңа альбом! Көзімізді үйрете берейік, бұл өзгерістердің тек басы", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935227-eskim-kutken-zoq-uzyn-sasyn-qiyp-tastagan-saduaqasova-eldi-tangaldyrdy-foto/

pixel