Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Инкубатор түрлерден шаршамадыңдар ма": Дариға Бадықова арықтауға кірісті

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Фото: Instagram/dariga_badykova

"Қазақша бизнес" фильмі мен "Келінжан" сериалы арқылы қалың көпшілікке танылған актриса Дариға Бадықова артық салмақтан арылуды шешті. Өнер иесі енді барынша арықтауға тырысатынын айтты. Бұл қадамға оны оқырмандарының пікірлері итермелеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова отандық кино саладағы тартымды әрі сұранысқа ие актрисалардың бірі болып табылады. Алайда, киножұлдыз көп жағдайда артық салмағы үшін сыналып жатады. Халықтың толассыз кері пікірі салдарынан енді ол арықтауды шешкен. Бұл туралы актриса Instagram парақшасында хабарлады.

"Өзгер, өзгер, арықта, арықта деп қоймаған өздеріңіз, ал, басталды өзгерістің басы дейінші. Арықта деп қоймаған халқымның құлағына алтын сырға, коррекция фигурыға барып жүрмін. Неге жүгірмейсің, фитнеске бармайсың деп ойлайтындарға: спортпен айналысқым-ақ келеді ғой, әттең! Оған менде бүйрек төмен, аяғымда жарақат бар. Спорттық рухым тек 1 аптаға жетеді. Солай жағдай", - деді Бадықова.

Алайда, актриса ешкімге ұқсағысы келмегенін алға тартты. Ол көпшілік арасында ерекше болуды қалаған.

"Өзгерістің басы дегенге ойбай 90/60/90 болады екен деп ойлап қалмаңыздар. Табиғатым басқа. Ғазиза апамдай ерекше актриса болам, өзгешелігіммен деп жүрсем, болмадыңыздар. Бір нәрсе сұрайыншы? Еті сүйегіне жабысқан, кірпік бұзаудай, ерін даладай, қас бірдей инкубатор түрлерден шаршамадыңыздар ма? Ертең арықтап кетіп жатсам, тағы шығасыздар айналайын, бұрынғы фигураң жақсы еді деп", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1935441-inkubator-turlerden-sarsamadyndar-ma-dariga-badyqova-aryqtauga-kiristi/

pixel