Су жаңа көлігін қалаға айдап шыққан Байзақоваға айыппұл салынды
Опубликовано:

Атышулы Айжан Байзақова жаңадан сатып алған көлігін қалаға айдап шыққан күні бірден айыппұлға ілікті. Блогер жол ережесін бұзған көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айжан Байзақова күні кеше ғана G-санатындағы Mercedes-Benz автокөлігін сатып алған болатын.
Жас ана өзіне сыйлық жасағанын айтып, көпшілікке темір тұлпарын "жаңа ер азаматы" ретінде таныстырды.
Аталған көлік Байзақованың достары мен оқырмандарына бірден ұнады. Алайда, актриса темір тұлпарын айдап шыққан бойда бірден айыппұлға ілінді. Блогер қандай жол ережесін бұзғанын анықтап айтқан жоқ.
"Қатарға қосылуыммен. Алғашқы айыппұлды алдық", - деп жазды желі жұлдызы.

Сонымен қатар, желі қолданушыларының бірі Байзақованы бұған дейін екі мәрте тоқтатқанын жазды. Оқырман полицияда жұмыс істейтін көрінеді.
"Мен сияқты заңға қайшы келмейтін азаматшаны тоқтата бергенді жақсы көреді", - деді блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936044-su-zana-koligin-qalaga-aidap-syqqan-baizaqovaga-aiyppul-salyndy/