Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сабина Алтынбекованың перзентханадан шыққан видеосы тарады

Опубликовано:

Сабина Алтынбекова жолдасымен
Видеодан кадр: Instagram/qaz.stars

Жақында ғана ана атанған танымал спортшы Сабина Алтынбекова перзентханадан шықты. Отағасы жары мен ұлын үйге алып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сабина Алтынбекованың перзентханадан шыққан видеолары отбасылық достарының әлеуметтік желілерінде жарияланды. Бейнежазбада жас ата-ананың медициналық мекемеден ұлдарымен бірге шыққаны көрініс тапты.

Жас жұбайларды барша ет-жақындары құттықтап қарсы алған. Жас әкенің достары Сабинаға гүл шоқтарын тарту еткен. Ерлі-зайыптылар керемет көңіл-күйде үйлеріне оралған.

Желі қолданушылары жас ата-ананың шын жүректен құттықтап, өз ақ тілектерін білдірді. Кейбір оқырмандар анасы мен баласының перзентханадан үлкен мерекелік шара ұйымдастырып шыққанына шүйліккен.

"Құтты болсын. Балапандарыңыздың дені сау болсын", "Бақыттарыңыз еселене берсін", "Бақытты болыңыздар. Балаларыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіздер", "Біз перзентханадан жай оранып шыға саламыз. Ал бұл жұлдыздар құдды концертпен шығады екен", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936441-sabina-altynbekova-ulymen-perzentxanadan-syqty-video/

pixel