Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арттарыңызды жинап жүріңіздерші": Жазира Байырбекова көпшілікке үндеу жасады

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова қалың көпшілікке үндеу жасады. Өнер иесі қоғамдық орындарда кездесетін жағдайларды көтеріп, халыққа өз өкпесін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова көпшіліктен қоғамдық орындарда тазалықты барынша сақтап жүруге шақырды. Ол біреуден кейін әжетханаға кірсе де, артын жинап кететінін ашық айтты. Сол себепті, халықтан ұят жағдайларды болдырмауды сұрады.

"Қоғамдық орындарда әжетханаға кіргенде шашылып тұрса менен кейінгі адамнан ұялып, мен бүлдірді деп ойлап қалар деп (жеркеншек болсам да) жинап шығамын. Арттарыңызды жинап,қағаздарыңызды қоқыс шелегіне салып жүріңіздерші. Әжетхананы жуатын адамға құрмет болу керек. Ол да дәл өзіңіздей адам ғой. Адам баласын ренжіткен жақсы емес. Күз келді. Көпшілік жүретін жерге түкіріп тұратындарға да ұрсыңыздаршы. Өзімізді өзіміз тәрбиелемесек біздің елді келіп ешкім өзгертпейді", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесінің сөздерімен толығымен келісіп, оған қолдау білдірді. Олар да барша отандастарын мейілінше тазалықты сақтап жүруге, біреудің еңбегін бағалауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936477-arttarynyzdy-zinap-zurinizdersi-xalyqqa-suilikken-baiyrbekova-undeu-zasady/

pixel