Желіде Айжан Байзақованың мейрамханада шу шығарған видеосы тарады
Опубликовано:

Ғаламтор кеңістігінде атышулы Айжан Байзақованың ер адаммен жанжалдасып жатқан видеосы тарап, ел арасында қызу талқыға түсті. Қалың көпшілік желі жұлдызымен сөзге келген азаматты спортшы Қуат Найманға ұқсатты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айжан Байзақованың шулы видеосы Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланған. Бейнежазбада блогердің мейрамханада ер адаммен айқайласқан сәті көрініс тапты.
Атышулы ару өзіне қарама-қарсы отырған азаматпен сөзге келіп қалып, оның бетіне су шашып жібереді. Оған қоса, жас ана оған балағат сөздерді айтқан.
Аталмыш видео халық арасында бірден қызу талқыланып, көптеген пікірлерге ие болды.
Желі қолданушылары Байзақовамен жанжалдасқан азаматты ережесіз жекпе-жек жұлдызы Қуат Хамитовке қатты ұқсатты.
"Тағы не шу болды", "Шоу ма? Әлде шынымен шу ма?", "Хайп жасап жүр екеуі", "Бұл екеуін халық ұмыта бастап еді. Енді аттарын шығару керек", "Қуат емес пе", "Қасындағы Қуат Найман ғой", - деп жазуда оқырмандар.
Айта кетейік, бұл оқиғаның қашан орын алғаны белгісіз. Бейнежазбада Байзақова сарғыштау шашпен отыр. Ал бүгінде танымал блогер шашын қара түске бояп тастаған.
Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі, кәмелеттік жасқа толмаған адамдарға қарау ұсынылмайды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936649-zelide-aizan-baizaqovanyn-su-sygargan-videosy-tarady/