Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген Қытайда реалити-шоуға қатысатын болды

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайда реалити-шоуға қатысады. Ғажайып дауыс иесі жанкүйерлеріне аталмыш жоба жайлы толығырақ айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген бұл жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Өнер иесі жақында қытайлық шоуға қатысып, өзін жаңа қырынан танытатынын жеткізді.

Айта кетерлігі, Димаш қатысқалы жатқан жоба вокалдық форматта өтпейді. Онда өнердің түрлі саласындағы жұлдыздар бақ сынасады.

"Бейжіңнен Уси қаласына ұшып келдік. Жақын арада бір қызықты бағдарламаға қатысқалы жатырмын. Бұл жобада Қытайда танымал әртістер 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлініп, өзара топтардың ойындарын жүргізеді. Бұл ешқандай да вокалдық сайыс емес. Өйткені жобада: танымал әншілер, актерлер, реперлер, бишілерден топ жасақталып, сол топты жоба соңына дейін жеткізу қажет. Миссиясы ойын түріндегі бұл жоба сіздер үшін де қызық болады деп ойлаймын", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936696-dimas-qudaibergen-qytaida-realiti-souga-qatysatyn-boldy/

pixel