Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжан 19 жасында қандай болғанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан желіде 20 жыл бұрынғы суретімен бөлісіп, елді таңғалдырды. Оқырмандар ақпарат өкілінің сол кездегі образын қызу талқыға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан аталмыш фотомен Instagram парақшасында бөліскен. Белгілі болғандай, суретте тележүргізуші небәрі 19 жаста.

"Бұл жерде мен 19 жастамын және "Оңтүстік астана" телеарнасында жаңалықтар жүргізушісімін. Ал қазір мен 39-мын және де "Астана" телеарнасында қайтадан жаңалықтар жүргізудемін", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Динара Сәтжанның жас кезіндегі образына қатысты қызу пікірталас ұйымдастырды. Қалың көпшілік ақпарат өкілінің бұрынғыға қарағанда, қазір анағұрлым жас көрінетінін жарыса жазуда. Ал кейбір оқырмандар тележүргізушінің мүлдем өзгермегенін алға тартты.

"Еш өзгеріс байқап тұрғам жоқ. Әлі де жассыз", "Сіз қазір әлдеқайда жас көрінесіз. Мына шаш үлгісі сізге жас қосып тұр", "Сұлу әрі жас Динара", "Маған сізді сары шашпен көру бір қызық", "Қазіргі образыңыз бен стиліңіз ерекше", - деп жазды халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936832-dinara-satzan-19-zasynda-qandai-bolganyn-korsetti-foto/

pixel