Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Рымбаева мен Меруерт Түсіпбаева Каппадокияда демалуда (фото, видео)

Опубликовано:

Роза Рымбаева мен Меруерт Түсіпбаева демалыста
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Роза Рымбаева мен Меруерт Түсіпбаева бүгінде Түркия елінде саяхаттап жүр. Қос әнші көптен күткен демалыстарын Каппадокияда өткізуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әртістердің шетелге аттанғаны туралы Меруерт Түсіпбаеваның Instagram парақшасынан белгілі болды. Өнер иесі Түркиядағы демалысы кезіндегі фото және видеоларымен желіде белсенді түрде бөлісіп жүр.

Белгілі болғандай, эстрада жұлдыздары табиғаты ерекше Каппадокия деген жерге саяхаттап барған. Олар демалысынан алған әсерлерімен бөлісіп, ғажайып мекендегі күндері қалай өтіп жатқандарын көрсетті.

Желі қолданушылары қос әншіге жақсы демалып қайтуын және елге аман-есен оралуын тіледі.

"Қандай керемет. Жақсы демалыс болсын", "Бізге де осындай демалыс бұйырсын", "Карантин деп бәрі шаршады. Шетінен демалысқа кетіп жатыр", "Жарайсыздар, демала білу керек", "Әдемі демалыс болсын. Жақсы әсерлермен оралыңыздар", "Елге аман жетулеріңізге тілекшімін", "Ол жақта болсаңыздар да, сақтық шараларын сақтанып жүріңіздерші. Індет қауіпті", - деп жазды халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936853-roza-rymbaeva-men-meruert-tusipbaeva-kapadokiyada-demaluda-foto-video/

pixel