Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мінсіз мүсінді Назима ерлер қауымын естен тандырды (видео)

Опубликовано:

Назима
Видеодан кадр: Instagram/13nazima

Қазақстандық танымал әнші Назима Жәнібекова желіде жаңа видеосымен бөлісіп, қалың көпшілікті өзіне қаратты. Оқырмандар шоу-бизнес жұлдызының мінсіз мүсініне тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назима Жәнібекова аталмыш бейнежазбаны Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда өнер иесінің су ағып жатқан әйнектің артында тұрғанын көруге болады. Әнші ару бар дене сымбатын паш етіп, желіде қызу талқыға қалды.

Желі қолданушылары Назиманың талдырмаш мүсініне тәнті болып, оған толассыз пікірлер қалдыруда.

"Недеген фигура", "Жылдар өтсе де, Назима тек жасаруда", "Қандай мінсіз дене", "Ғашық болдым", "Сіздей аруға қалай ғашық болмау мүмкін?", "Тәтті қыз", "Өзіңнен көз ала алмай отырмыз", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетерлігі, Назима Жәнібекова Mona Songz лақап атты қазақстандық жас талантпен дуэт жазды. "Минус единица" әні бүгін жарыққа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1936907-minsiz-musindi-nazima-erler-qauymyn-esten-tandyrdy-video/

pixel