Төреғалидің жақындары оны туған күнімен ерекше құттықтады (видео)
Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі 29 жасқа толды. Өнер иесін алғашқылардың бірі болып отбасы мен өнердегі жақындары құттықтаған. Туған күн иесіне қандай сыйлық тарту етілгенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
Төреғали Төреәлінің жақындары оны үйінде сағат түнгі он екіден кейін құттықтаған.
Олар арнайы торт әзірлеп, туған күн иесін ән айтып қарсы алыпты.
"Ұлы дала баласын" құттықтап келгендер арасында "Алатау серілері" мен Мақсат Рахмет болды. Өнер иесіне соңғы үлгідегі Iphone 13 сыйға тарту етілген.
Шоу-бизнес жұлдызын құттықтаған видеоларды оның туған қарындасы Дина өзінің Instagram парақшасында жариялап қойған.
Желі қолданушылары бірден Төреғалиді жаңа жасымен құттықтап, өз ақ тілектерін білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937074-toregalidin-zaqyndary-ony-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/