Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас жігітпен билеген Айжұлдыз Адайбекова қызу талқыға қалды (видео)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова жігітпен би билеп жатыр
Видеодан кадр: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Қазақстандық танымал дизайнер әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова жаңа видеосымен бөлісіп, желіні шулатты. Онда Жанар Айжанованың қызы бір жігітпен билеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Бейнежазбада жалғызбасты ананың биші жігітпен билеп жүргенін көруге болады. Олардың әсерлі биі бірден көрермендерді тәнті етіп, сансыз пікірлерге ие болды.

Желі қолданушыларының басым бөлігі блогер арудың өнерге деген ерекше көзқарасын жоғары бағалап, оған жылы лебіздерін білдірген. Ал кейбір оқырмандар, Айжұлдызбен билеп жүрген жігіттің кім екенін білгісі келіп, сұрақтарды жаудырды.

"Керемет би. Сіздің шығармашылыққа деген ынтаңызға ғашықпын", "Өте әсерлі би екен. Жүрегіме жетті", "Өте үйлесімді билеп шығыпсыздар", "Сезімге толы видео болып шығыпты", "Қасыңыздағы жігіт кім?", "Мына бидің жалғасын күтеміз", "Ерекше. Әдемі. Әсерлі", - деп жазған көпшілік.

Айта кетейік, Адайбековамен бейнежазбада билеп жүрген жігіт Аян Мұхтәсіпов есімді жас биші екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937227-zas-zigitpen-bilegen-aizuldyz-adaibekova-qyzu-talqyga-qaldy-video/

pixel