Төреғали Төреәлі туған күнін Дубайда тойлап жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Төреғали мен Толқын
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі туған күнін Дубайда өткізуді жөн көрген. Өнер иесі 29 жасын отбасымен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінде атап өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғалидің жанұясымен Дубайға аттанғаны туралы оның әйелінің Instagram парақшасынан белгілі болған. Толқын Тұрарбекқызы оқырмандарына отбасылық демалысы қалай өтіп жатқанын көрсеткен. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінен фото және видеомен бөліскен.

Жергілікті қонақ үй ұжымы да "Ұлы дала баласын" көңілсіз қалдырмаған. Олар әншіні арнайы туған күнімен құттықтаған.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға жақсы демалыс тіледі.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі туған күнін Алматыда атап бастаған. Оның жақындары мен өнердегі достары үйіне келіп құттықтап, оған тосын сый жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937284-toregali-toreali-tugan-kunin-dubaida-atap-otude-fotovideo/