RU

"Жолдасымды жұмыстан күтіп отырғым келеді": Түсіпбаева өз арманы туралы айтты

Меруерт Түсіпбаева ұялы телефонмен сөйлесіп отыр
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желіде өзінің аңсаған арманы туралы ой бөлісті. Өнер иесі тыныш әрі жайлы отбасында өмір сүргісі келетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында оқырмандарына өз армандары туралы айтты. Жалғызбасты ана толыққанды отбасы құрғысы келетін көрінеді. Ол жолдасын жұмыстан кейін күтіп, үй шаруасында болуды армандайды екен.

"Тыныш отбасылы өмірді армандаймын. Жолдасымды жұмыстан кейін күтіп отырғым келеді. Үй шаруасындағы әйел болғым келеді", - деп жазған эстрада жұлдызы.

Сонымен қатар, өнер иесі тағы бір жазба қалдырып, елді ойландырып қойды.

"Адам екі жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Көзі ашылса немесе жүрегін жапса", - деп жазды ол.

Желідегілер әншінің жеке өмірінде өзгерістер орын алып жатыр деп болжауда.

"Меруерт, сен өжет қызсың", "Тезірек тұрмысқа шығыңыз. Отырып қалмаңыз. Жалғыздық пендеге жараспайды", "Жеке өміріңізде өзгерістер бар секілді", "Жақсы, түсінігі мол адам кездессе, өзіңіз-ақ үй шаруасында боласыз", "Арманыңызға жетуіңізге тілектеспіз. Бұйырса, бәрі де орындалады", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937592-zoldasymdy-zumystan-kutip-otyrgym-keledi-tusipbaeva-oz-armany-turaly-aitty/