Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда танымал ресейлік әншілердің концерті өтпей қалды

Опубликовано:

Султан Лагучев пен Ислам Итляшев
Фото: aurora.fm

Алматыда карантин талаптарын өрескел бұзған кәсіпкерлік нысан анықталды. Аталмыш мейрамхана 500-ге жуық келушіні қабылдап, карантиндік шектеулерге қарамастан танымал ресейлік әншілердің концертін өткізбек болған. Алайда мониторингтік топ дереу іске кірісіп, іс-шараны тоқтатты деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарнаның мәліметінше, мейрамханада бетперде режимі сақталмаған, одан бөлек ғимаратта ине шаншар орын болмаған. Яғни, санитарлық талаптарға сай арақашықтық сақталмаған.

Келушілердің айтуынша, мұндағылардың басым бөлігі белгілі ресейлік әншілер Султан Лагучев пен Ислам Итляшевті көру үшін жиналған.

Анықталғандай, мейрамханада аталған әншілердің концерті өтуі керек болған. Алайда полиция қызметкерлері құқықбұзушылықтың алдын алып, барлық келушіні сыртқа шығарған.

Ал тәртіп бұзған мекеме басшылығына қатысты хаттама толтырылып, жауапты мекемеге жолданған.

"Қаулы бойынша мұндай шараларда адам саны 50-ден аспау қажет. Сондықтан қала кәсіпкерлерінен өтінерім санитарлық талаптарды бұзбай жұмыс істеңіздер. Қала тұрғындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарайық", – дейді Алмалы аудандық Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Ерден Бейсембаев.

Айта кетейік, Алматы қаласы "қызыл" аймақта болғандықтан, мұндай тексеріс жұмыстары алдағы уақытта жалғаса бермек.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте танымал ресейлік әнші Jony-дің концерті өтпей қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937698-almatyda-tanymal-reseilik-ansilerdin-koncerti-otpei-qaldy/

pixel