Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тимати құны 507 млн теңге тұратын жаңа көлігін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Тимати
Фото: instagram.com/timatiofficial

Танымал ресейлік рэп орындаушы әрі кәсіпкер Тимати жанкүйерлеріне су жаңа көлігін көрсетті. Музыкант темір тұлпарының видеосын Instagram парақшасында жариялады деп жазады Lenta.ru.

Басылымның мәліметінше, Тимати Mercedes-Maybach G 650 Landaulet жол талғамайтын көлігін сатып алған. Компания дәл осы көліктің небәрі 99 данасын шығарған.

"Только никому" Telegram каналының ақпаратынша, рэпер көлкті 85 млн рубльге (шамамен 507 млн 406 мың теңгеге) сатып алған.

Көлік жиналмалы үстел, климаттық бақылау, монитор және аудио жүйесі бар ыңғайлы орындықтармен жабдықталған және алты секундта сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүруге қабілетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін танымал блогер Айжан Байзақова Mercedes-Benz көлігін сатып алғанын жазған едік.

Одан бөлек, әнші Қайрат Нұртас әкесі Нұртас Айдарбековтың туған күніне су жаңа көлік сыйға тартқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937700-timati-quny-507-mln-tenge-turatyn-zana-koligin-korsetti-video/

pixel