Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Мирас Жүгінісов інісінің шаңырақ көтергенін растады

Опубликовано:

Жүгінісовтер
Видеодан кадр: Instagram/zhugunussov_jr

Қазақстандық шоу-бизнесте ерекше танымалдылыққа ие болып келе жатқан әнші Мирас Жүгінісов туған інісі Мұхаммедәлінің үйленгенін растады. Бұл туралы ол НТК арнасындағы "Taboo" бағдарламасында айтты.

Мирастың сөзінше, інісі үйленбей тұрып, отбасы алдымен одан рұқсат сұраған.

"Үйленгені рас. Өзі солай сәті түскен болар. "Үйленемін", деді. Алдымен үйдегілер менен сұрады. Рүстемнің өз бала-шағасы бар. Менің жолымды кескендей деген мағынада сұрады. Мен "үйлене берсін" дедім. Өйткені, менің қашан үйленетінім белгісіз. Сосын менің кесірімнен үйленбей қалып жатса деген ой болды", - деді Мирас.

Сонымен қатар, әнші інісі мен келіні бүгінде ата-анасының қолында, Нұр-Сұлтан қаласында тұратынын айтты.

Жүгінісов отбасын құру мәселесі бойынша өзіне де қысым жасалып жатқанын жасырмады.

"Маған да үйлен деп айтады. Ертең Мұхаммед-Әлидің баласы сенің балаңнан үлкен болады. Сондықтан тезірек үйлен, жүре бермей, деп. Бірақ әзірге үйленемін деген ой жоқ", - деді шоу-бизнес жұлдызы.

Айта кетейік, бұған дейін желіде әнші Мұхамедәлі Жүгінісовтің бейтаныс арумен түскен суреттері тарап, қалың көпшілік арасында қызу талқыланды.

Желі қолданушылары жас өнерпаздың шаңырақ көтергенін жарыса жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937792-ansi-miras-zuginisov-inisinin-sanyraq-kotergenin-rastady/

pixel