Айқын мен Жұлдыз бала-шағасымен Түркияда демалуда (видео)
Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали балаларымен бірге шетелде демалып жатыр. Ерлі-зайыпты бұл жолы Түркияға барып қайтуды шешкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдызды жұптың шетел асып кеткені Айқынның Instagram парақшасынан белгілі болды. Өнер иесі Түркияға негізінде жұмыс бабымен келгенін айтты. Алайда, соған қарамастан, әнші демалысқа да уақыт тапқан. Ол жанұясымен бірге Анталияға барған.
"Негізі жұмыс бабымен келгенмін. Бірақ демалыс пен жұмысты бірге ұштастырғанға не жетсін?! Жұмысымды жақсы көремін", - деп жазды Айқын.
Жұлдыз Өмірғали де өз парақшасында демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті. Ол Түркиядан видео жариялап, ел назарына ұсынды.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа жақсы демалыс тілеп, елге аман-есен оралуын жазды.
Оқырмандар әркез қызу жұмыста жүретін жұптың шетелге жиі шығып демалып тұратынына қолдау білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937816-aiqyn-men-zuldyz-bala-sagasymen-turkiyada-demaluda-video/