Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлігімнің нөмірін ауыстырамын": Атышулы Байзақова қандай жағдайға тап болған

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Фото: Instagram/bayzakova

Желіде жалаңаштанған суреттері арқылы танылған Айжан Байзақова алдағы уақытта көлігінің нөмірін ауыстыратынын айтты. Атышулы блогер бұл қадамға баруға мәжбүр болғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақованың әр қадамы көпшілік назарында. Желі қолданушылары блогер арудың өмірін жіті қадағалап жүреді. Алайда, бұл жайт желі жұлдызына ұнамайды екен.

Жақында көлік алған соң, Байзақова ыңғайсыз жайтқа тап болған. Айжанның оқырмандары оның көлігін қаладан көрген бойда желіге жариялауды бастапты.

Сол себепті, актриса автосының нөмірін ауыстыруға мәжбүр екенін айтты. Ол қайда жүргені көпшілікке мәлім болғандықтан, “жігіттерінің көзіне шөп сала алмайтын” халге жеткенін жеткізді.

"Желі қолданушылары менің қайда жүргенімді видеоға түсіріп, желіге сала бастады. Енді мен жігіттерімнің көзіне шөп сала алмаймын. Көлік нөмерін өзгерту керек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1937835-koligimnin-nomirin-auystyramyn-atysuly-baizaqova-qandai-zagdaiga-tap-boldy/

pixel