Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлды болды": Танымал әзілкеш Гүлнәр Сілбаева алғаш рет ана атанды (фото)

Опубликовано:

Гүлнәр Сілбаева жолдасымен
Фото: Instagram/naarah_s

Отандық танымал актриса әрі КВН жұлдызы Гүлнәр Сілбаева тұңғышын дүниеге әкелді. Жас ананың сөзінше, баласы мерзімінен ерте туылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнәр Сілбаева бұл қуанышты жаңалығын өзінің Instagram парақшасында жария етті.

Жас ата-ана тұңғышына Зейін деген ат берген. Нәресте мерзімінен ерте дүниеге келгені белгілі болды.

"Сен бүгін туылу керек едің. Алайда, екі ай бұрын дүние есігін ашып қойдың. Мына қызық әлемге қош келдің, Зейін. Біздің кішкентай ұлымыз. Сен мықты адамсың.
Біз әкең екеуіміз сені өте қатты күттік. Соған орай, сен де бізге асыққан боларсың", - деп жазды актриса.

Нұртас Адамбай, Дина Тасболатова, Дарья Александрова, Артем Муратов және тағы да басқа отандық жұлдыздар ерлі-зайыптыны құттықтап, ақ тілегін білдірді. Бұл құттықтауларға Сілбаеваның желідегі оқырмандарына да қосылды.

Айта кетейік, Гүлнәр Сілбаева өз жүктілігін ұзақ уақыт бойы жасырып жүрді. Ол тек соңғы айларда қалың көпшілікке аяғы ауыр екенін жария еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938009-uldy-boldy-tanymal-azilkes-gulnar-silbaeva-algas-ret-ana-atandy-foto/

pixel