Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гүл өзі": Ерекше әдемі образдағы Мадина Сәдуақасова елді өзіне қаратты (видео)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Видеодан кадр: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова қалың көпшілікке өзінің кезекті образын паш етіп, елдің ыстық ықыласына бөленді. Желідегілер әншінің көйлегінен көз алмай, оның мінсіз мүсініне тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Бейнежазбада әншінің қара түсті жылтыр көйлекпен қонақ үйден далаға шығып бара жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары өнер иесінің ерекше образына ғашық болып, оған жылы лебіздерін жеткізді. Олар Сәдуақасованың өзге жұлдыздардан өзгеше екенін алға тартты. Көпшіліктің сөзінше, ол үнемі қайталанбас кейіпте ел алдына шығады.

"Гүл өзі", "Ұрлап кетпесін", "Күшті образ. Әсіресе, көйлекке сөз жоқ", "Сізден көз алмай отырмын", "Мәдина, көйлек керемет, көздің жауын алады. Өте көріктісіз", "Мінсіз мүсінді ару", "Қалай тез арықтап кеткен?!", "Мынандай образьен далаға шығу қауіпті. Ерлерді естен тандырып тастарсыз", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1938157-gul-ozi-erekse-ademi-obrazdagy-madina-saduaqasova-eldi-ozine-qaratty-video/

pixel